Арман Қайназаровтың өліміне қатысты күдікті ұсталды

21.09.2023 16:12 · Развитие

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Адырна”-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, дерек Алатау аудандық полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде араққа салынып, көшеде түнеген ақын әрі композитор Арман Қайназаровтың видеосы тарады. Кейін өмірден озғаны да хабарланды.

Ол 4 қыркүйекте “Шаңырақ” шағын ауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскен. Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте көз жұмғаны хабарланды.

Контакты

Email :

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.

Подписка

Мы в соцсетях