ПОИСК

Президент бірқатар елдерге елшілер тағайындады 2026-01-24 01:27:58

Қасым-Жомарт Тоқаев 18 сәуірде Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі , деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Айдарбек Әнуарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы 8 сәуірде Қанат Сейдгапбаровты қызметінен босатты.

Сурет: Zakon.kz

Статьи

Международная федерация допустила российских юниоров к турнирам с флагом РФ
Толстой призвал к постепенной отмене ЕГЭ
«Ак Барс» объявил о продлении контракта с Лямкиным
Алиханов назвал Казанский авиационный завод примером для всех предприятий ОАК
Ученые из Женевы установили, что дневной сон улучшает память

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.