"Алишерім қатты уайымдады": Алтынай Жорабаева бесінші қызын қалай дүниеге келгенін айтып, алғаш рет қызының есімін көпке мәлім етті 2025-02-02 10:56:08
Танымал әнші, эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева бесінші қызын дүниеге әкелді. |
Өнер иесі қызына қандай есім бергенін де мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.
"Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам! Бес қызым — бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім, сіздердің: “ Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып , сәбиді дүниеге әкелу — үлкен жеңіс...Серіктестікке Дәметкен әпкем кірді. Еркектің серіктестікке кіргенін құптамаймын. Алишерім онсыз да қатты уайымдап, қобалжып, есіктің сыртында дұғасын жасаумен болады...
Құттықтап жатқан туған-туыс, дос-жаран, әріптестер, оқырмандар! Баршаңызға Алла разы болсын! Уақтылы жауап бере алмай жатырмын. Кешеден бері енді ес жинап, қолым телефонға енді жетті. Бізге тілеген ниет-тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын", — деп ағынан жарылды әнші.
Көпшілік әнші мен сәбиіне ақ тілегін жаудырып, аман-есен үйге оралуларына тілектестік білдірген.