Этникалық пойыздар жолаушыларды ұлттық тағамдармен қуантты 2024-11-24 18:06:56
Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты.
Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан №3/4 "Астана-Алматы", №85/86 "Астана-Шымкент" және №7501/7502 "Астана-Павлодар" бағыттары бойынша этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты. Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды.
Ісшара барысында жолаушылар мен шығарып салушылар үшін қазақ халқының мәдениетінің басты символы-домбырада музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әрбір жолаушыға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары "наурыз көже" мен "бауырсақ" ұсынылды.
"Елімізде аталып өтетін мерекелермен жолаушыларды құттықтау компанияның дәстүрінің маңызды құрамдас бөлігі. "Жолаушылар тасымалы" АҚ компаниясы жыл сайын жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, пойыздарды ерекше стильде безендіруді әдетке айналдырған, — деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов.
Этникалық стильдегі пойыздар 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін жүреді.
Айта кетейік, бұл мерекелік акция еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.