ПОИСК

Ұлттық валютаға қысым: не күтеміз 2025-04-24 16:09:00

Сауда қақтығыстары, рубль бағамының құлдырауы мен мұнайдың арзандауы теңге тұрақтылығына қандай ықпал етуі мүмкін. Бұл жөнінде LS тілшісі қаржы нарығының сарапшыларымен әңгімелесті.

Goldman Sachs компаниясы 2027 жылға дейін рубльдің $1-мен арақатынасы 100-ден 130 рубльге дейін әлсіреуі мүмкін деп болжады.

Ресей валютасының құлдырауы теңгеге әсер ете ме? Бұл сұраққа Қазақстан республикасы ұлттық ғылым академиясының Экономика институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов жауап берді. Оның айтуынша, теңгенің қозғалыс траекториясы негізінен рубльге тәуелді емес.

"KZT/RUB бағамы әр кезеңде түрлі бағытта өзгеріп отырған. Соңғы бірнеше айдың динамикасына көз жүгіртсек те, бұл анық байқалады. Ал теңге болса, бір бағытта – үздіксіз әлсіреу жолында келе жатыр", – деді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, ұлттық валютаның әлсіреуі елдегі экономикалық ахуал мен мемлекеттік қаржы жүйесіндегі терең мәселелермен тікелей байланысты. Атап айтқанда, республикалық бюджеттің тепе-теңсіздігі, Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің артуы және оларды қысқартуға жасалған талпыныстар теңге бағамына қысым түсіруде. Бұл түйткілдер шешілмейінше, теңгенің құнсыздану үрдісі жалғаса бермек.

Сондай-ақ, В. Додонов теңгенің әлсіреу себептері ретінде көбіне мұнай бағасы, рубльдің бағамы, сауда қақтығыстары, геосаяси шиеленістер мен жаһандық дағдарыстар сияқты сыртқы факторлар аталып жүретінін атап өтті.

Сарапшының пікірінше, бір жыл ішінде теңге 10-15%-ға әлсіреуі ықтимал, бірақ осы мерзімде, әсіресе шілде айында, түрлі ауытқулар болуы мүмкін.

"Басқа жағдайда, рубльдің әлсіреуі Ресейден келетін импорттың артуына ықпал етуі мүмкін еді, себебі ресейлік тауарлардың теңгемен бағасы арзандайтын еді. Алайда қазіргі уақытта бұл әсер байқалмайды, өйткені рубль теңгеге қарағанда айтарлықтай күшейді. Егер ол әлсіреген жағдайда да, бұл тек бағамды 4,5-5 теңге аралығына қайтарады", – деді Додонов.

Сарапшының айтуынша, ұзақ мерзімді кезеңде теңге рубльге және басқа валюталарға қатысты әлсірей береді, нәтижесінде оның бағамы 6 теңге деңгейіне дейін тұрақталуы мүмкін.

Похожие материалы

Статьи

Вероятность заморозков сохраняется в некоторых регионах Казахстана
Увидели на сцене, чтобы задуматься в жизни
Казахстан и Хорватия нацелены на расширение сотрудничества
Сын экс-главы КМГ ушел из NCOC
Мосты на скрытые дефекты будут проверять за минуты в Казахстане

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.