ПОИСК

"Өзі де шошаңдап жүреді, өзінен көрсін": Әбілмансұр Серіков әкесі туралы бар шындықты айтты 2026-09-20 00:35:58

Танымал актёр Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков әкесінің денсаулығына байланысты көпшілік біле бермейтін ақпаратты жария етті.

Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ол кісі қазір Шымкентте денсаулығына байланысты сол жақта тұрып, ем алып жатыр. Массажы бар, сынықшысы бар, грыжасы бар, Түлкібастан алдыратын суы бар, соған байланысты сол жақта. Мама осында, Алматыда. Шаңырақ осында болғаннан кейін, бала-шағаның мектебі бар, жұмысы бар дегендей. Осылай жүрміз әзірше. Негізі емделетін нәрсе шығар, бірақ біресе жүріп жақсы болып қалады да, ертесіне хабарласқанда ауырып қалады, суық тигізіп алады. Өзі де шошаңдап жүреді ғой, өзінен көрсін", — дейді ол.

Сондай-ақ, актёр әкесі екеуінің қарым-қатынасы туралы да айтты.

"Ол кісі мені үнемі қолдайды. Мысалы, кеше де "Жол" деген кино шықты ғой, сол кезде де "Братан, қалайсыз? Киноңыз қалай болды, ұят болып қалған жоқ па? Ұялатындай емес па?" деп сұрап жатыр. Вроде ұялатындай емес деп жауап бердім", — дейді Әбілмансұр Серіков.

Актёр не себепті Ғабит Мүсірепов тетарынан кеткенін де жасырмады.

"Мен академияны бітіргенде ТЮЗ-да кастинг болды, мен бардым. Мен сол қабырғада өскеннен кейін мені бәрі біледі, сол жердің баласымын, төртіншы сыныптан бастап спектакль ойнадым. Кастингте Талғат Теменов бұл баланы сынап та керегі жоқ, осы жерде өскен бала жұмысқа аламыз деді. Отырғандардың ешқайсысы қарсы болған жоқ. Бірақ, мен 1,5 жылдан кейін ғана үлкен рөлді алдым. Оның өзінде премьераға 20 күн қалғанда белгілі бір себептерге байланысты жұмыстан шығып кеттім. Сонымен ол рөлді де ойнау бұйырмады. Рөлім дайын болды, тек ауырып жатып қалдым. Сонымен арада түсініспеушіліктер пайда болып, сөз, тырнақ астынан кір іздеу болды. Әйтеуір бір себептерге байланысты жұмыстан шығарып жіберді. Менің шешімім емес, бірақ мен өз қалауыммен кеттім деп жазуға мәжбүр болдым", — дейді актёр.

Похожие материалы

Статьи

«Бунт кельтских львов»: как Шотландия, Уэльс и Северная Ирландия объявили «войну» Лондону на фоне кризиса
В Татарстане владельца собаки, покусавшей пенсионерку, обязали выплатить более 200 тысяч рублей 16/09/2026 – Новости
Врач сравнила полезные свойства куриных и перепелиных яиц
Верховный суд: ЗАГС обязан регистрировать брак с участником СВО в день обращения
Почему не работает мобильный интернет 16 сентября: причины, сбои в России

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.