ПОИСК

Абай облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді 2024-10-05 14:44:56

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі.

Омбы-Майқапшағай тас жолында жедел ақпарат бойынша полицейлер "ВАЗ 21060" маркалы автокөлікті тоқтатты. Тәртіп сақшыларымен тінту барысында артқы орындықта ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар екі полимерлі пакет, сондай-ақ өсімдік тектес жасыл түсті ұнтақты заты бар полимерлі пакеті бар сөмке табылып, тәркіленді .

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, көлік құралын тінту кезінде алынған есірткі құралдары — 2 кг.006 гр, ал "кептірілген марихуана" — 23 кг. 497 гр.

"ВАЗ" жүргізушісі Абай облысының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Күдіктінің өзі айтқандай, ол тыйым салынған тауарды Шу қаласынан алып келген.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу"бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта есірткі заттарын жеткізу арналарын анықтаудамыз", — деп қорытындылады Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Сурет: pixabay

Похожие материалы

Статьи

Рассчитанный по-новому рост цен на некоторые товары оказался выше в Казахстане
Алматинская компания купит 138 электромобилей для службы такси
Алматы ставит рекорд по количеству туристов
Акции Crescent Energy подскочили на новости о добавлении в S&P SmallCap
Возможность «торговой войны» с Россией прокомментировали в МСХ РК

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.