ПОИСК

"Бақыттың кілті жасқа, ұлтқа байланысты емес" - Ерке Есмахан 2026-09-20 07:21:35


Жақында екінші сәбиіне жүкті екенін жария еткен Ерке Есмахан күйеуімен жас айырмашылығын сөз қылатындарға ескерту жасады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Мен өз тақырыбымды айта кетейін. Қарап тұрсаңыздар, біздің жас аралығымызға көп тиіседі. Мысалы, жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі жас жұптар мәңгі бақи бірге, бақытты болады, ажыраспайды деген қағида жоқ қой?! Өмірде неше түрлі тағдырға куә болып жүрсіздер. Бұл “қыздар, жас жігітке күйеуге шығыңдар” деген сөз емес. Тек бақыттың кілті жасқа, ұлтқа байланысты емес. Жүректің тыныштығын, сыйластықты, құрметті, түсіністікті, іңкәрлікті ұштастыру оңай емес. Ал махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолғуы деген екен. Барлығы екі адамға байланысты. Отбасы болу – үлкен еңбек. Сондықтан шаңырақ көтерген әрбір отбасыға бақыт тілеп өтейік. Алла бұйыртса, екі дүниеде де бірге болу арман-мақсатымыз”, – дейді Ерке Есмахан ағынан жарылып.

Оқырманға әншінің қайда босанатыны және босанатын күнге қалай дайындалып жүргені қызық. Өнер иесі бұл сауалдарға: “Алла қаласа қазақтың кең байтақ жерінде босанамын. Англияда босанып қалады деп қорықпаңыздар. Әлі ештеңе дайындамадым. Дайындықты түсіріп, желіге салмаймын-ау. Алла бұйыртса, сәби дүниеге келген күні бір сүйіншілетеміз”, – деп жауап берді.

Айта кетейік, қазір жұлдызды жұп Лондон қаласында демалып жүр.

Похожие материалы

Статьи

«Бунт кельтских львов»: как Шотландия, Уэльс и Северная Ирландия объявили «войну» Лондону на фоне кризиса
В Татарстане владельца собаки, покусавшей пенсионерку, обязали выплатить более 200 тысяч рублей 16/09/2026 – Новости
Врач сравнила полезные свойства куриных и перепелиных яиц
Верховный суд: ЗАГС обязан регистрировать брак с участником СВО в день обращения
Почему не работает мобильный интернет 16 сентября: причины, сбои в России

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.