ПОИСК

Риддер жылу орталығында қазандық өшіп, халық тағы ыстық сусыз қалды 2026-08-22 00:36:15

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында қазандық өшіп, халық тағы ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаз бойы ыстық сусыз отырған Риддер халқына осыдан бірнеше күн бұрын ғана ыстық су берілген. Алайда кеше ыстық су тағы өшірілді. Бұған себеп – жылу электр орталығындағы іске қосылған орташа қысымды қазандықтың қайтадан өшірілуі.

Ал оның не үшін өшірілгенін Риддердегі «Су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Константин Хан түсіндіріп берді.

«Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесіне сәйкес, күрделі жөндеуден өткен жабдықтар іске қосылғаннан кейін 48 сағат ішінде сынақтан өтеді. Осыдан кейін қазандықтың әрбір бөлшегін егжей-тегжейлі тексеру үшін жоспарлы түрде оны өшіру қажет. Сол себепті №3 жылу қазандығы уақытша өшірілген», — деп түсіндірді ол.

Похожие материалы

Статьи

Анну Семенович попросили покинуть ресторан в Венеции
Бензин в Польше показал рекордный рост цен с 2022 года
Роналду забил первый мяч после свадьбы в Саудовской Аравии
Участники из Татарстана завоевали победу на конкурсе «Читаем всей семьей»
Tesla отзывает с рынка КНР 3 млн электрокаров из-за цвета дверных ручек

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.