ПОИСК

Антирекорд: Қазақстандық балуандар алғаш рет Азия чемпионатының финалына өте алмады 2026-09-20 12:11:33


Сарапшылар бұл чемпионатта ел балуандары тарихтағы ең төмен көрсеткішке ие болғанын айтады.


Бішкекте күрес түрлерінен өткен Азия чемпионаты аяқталды. Алайда, бұл чемпионат еліміздің балуандары үшін табыссыз аяқталды. Қазақстан қанжығасында грек-рим күресі бойынша бір алтын медаль және классикалық күрес түрлерінен үш қола медаль ғана бар.

Спорт сарапшылары бұған "антирекорд" деген баға беріп отыр.

"Ұлттық құрамамыз күрестің үш бағытынан бір ғана алтын алды. Оны грек-рим күресі бойынша Алматбек Аманбек иеленді. Бұдан бөлек, классиктер еншісінде үш қола бар. Ал, әйелдер күресі мен еркін күресте ешбір балуан финалға шықпады. Қазақстандық балуандар тарихта алғаш рет Азия чемпионатының финалында күреспеді. Бұған дейін кемі бір алтын жеңіп алатын. Ал,бұл жолы әйелдер күресінде бір қоланы, еркін күресте екі қоланы қанағат тұттық. Бұл – өте төмен көрсеткіш", – деп жазды спорт сарапшысы Аслан Қаженов өз әлеуметтік парақшасында.

Еске, салайық, биылғы Азия чемпионатында еркін күрестен Азамат Дәулетбеков, Едіге Қасымбек қола медаль иеленді. Еркін күрестен жалпы есепте Қазақстан 11 құрама арасынан оныншы орынға ғана табан тіреді.


Оқи отырыңыз:

  • Алматыда Қазақ спорт және туризм академиясының жаңа заманауи күрес спорт кешені ашылды
  • Қазақстандық балуандар неге Алматыда жаттыққанды қалайды

Похожие материалы

Статьи

«Бунт кельтских львов»: как Шотландия, Уэльс и Северная Ирландия объявили «войну» Лондону на фоне кризиса
В Татарстане владельца собаки, покусавшей пенсионерку, обязали выплатить более 200 тысяч рублей 16/09/2026 – Новости
Врач сравнила полезные свойства куриных и перепелиных яиц
Верховный суд: ЗАГС обязан регистрировать брак с участником СВО в день обращения
Почему не работает мобильный интернет 16 сентября: причины, сбои в России

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.