Қатты жер сілкінісі кезінде қалай аман қалуға болады? 2024-11-24 13:52:17
Жер сілкінісі кезінде көп адам есін жоғалтып, қате шешімдер қабылдайды. Ол шешім өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, Алматыда жер сілкінісі кезінде тұрғындар биік ғимараттан секіріп кеткен. |
Bugin.kz тілшісі жер сілкінісі кезінде өмірді қауіпке тікпей қалай аман қалуға болатыны туралы материалды назарларыңызға ұсынады.
American Rescue Team International (ARTI) құтқару бөлімінің бастығы және апат менеджері Дуг Коп жер сілкінісінен соң, 875 ғиараттан адамдарды аман алып шыққан. Ол – 60 елде құтқару жұмыстарына қатысқан маман. Бүгін біз оның кеңестерінен топтама ұсынамыз.
Адам құлауы мүмкін ғимараттан сеіріп кетсе, немесе ғимаратты тәрк етпесе өлу ықтималы жоғары. Ондай кезде көлікте жан сауғалау да өмірге қауіпті.
Адамдардың инстинкті туылмай тұрып қалыптасады. Сәбилер менн жануарлар кішкене қуысқа құмар келеді. Үлкен ғимараттар қауіпсіз. Себебі, ғимарат құласа да тірі қалуға жетткілікті кішігірім қуыстар қалады.
Ағаштан жасалған ғимараттар жер сілкінісі кезінде қауіпсіз болады. Себебі, ағаш иілгіш. Сейсмикалық толқын әсерінен иілу және бұралу қалыпында болады. Ағаш ғимарат құлап кетсе, қашып кетуге болатын үлкен қуыстар пайда болады. Кірпіш ғимараттар жеке кірпіштерге бөлінеді, бұл жарақатқа әкелуі мүмкін. Бірақ ең қауіптісі – панельден салынған ғимараттар.
Түнде жер сілкінісі болса, төсектен тұрыңыз. Ең қауіпсіз жер төсек айналасында болады. Қонақ үйлерде әр бөлменің есігіне келушілерге жер сілкінісі кезінде төсек түбіне жақын жерде жатуға нұсқау ілінсе, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға болады.
Егер жер сілкінісі кезінде есіктен немесе терезеден қашып құтыла алмасаңыз, төсек немесе үлкен орындықтың жанында еденге жатыңыз.
Құлаған ғимараттың босағасында тұрғандардың барлығы дерлік қайтыс болады. Өйткені есік жақтауы құлап кетуі мүмкін.
Жер сілкінісі кезінде ешқашан баспалдақта тұрмаңыз. Олар алдымен құлайды. Ғимараттан лифт арқылы емес, баспалдақпен түскен қауіпсіз. Мен, баспалдақта қалып, аман қалуға тырысудың қате екенін айтып тұрмын.
Мүмкіндігінше ғимараттан тез шығып кету үшін оның шығатын жеріне жақынырақ орналасқан болған дұрыс.
Көлікте жан сақтағанда биік ғимараттардың немесе бағаналардың жанында тоқтасаңыз, көлік ішіндегі адамдар қаза табады.
Менің тәжірибемде қағаз үйінділері ең үлкен қауіпсіздік қуыстарын жасайды. 1996 жылы біз бұл аман қалу әдістемесінің дұрыс екеніне көз жеткізетін фильм түсірдік. Түркияның федералды үкіметі, Ыстамбұл университеті және ARTI ғылыми сынақ өткізу үшін күш біріктірді. Ішінде 20 манекен бар мектепті қираттық. 10 манекен қолдарын бастарына бүгіп, 10 манекен «өмір үшбұрыштарына» орналастырылды. Жер сілкінісін имитациялаған соң қираған ғимаратқа кіріп, фильм түсірдік. Бұл фильм Түркия мен Еуропаның, АҚШ-тың, Канаданың және Латын Америкасының басқа елдерінің теледидарларында көрсетілді.
Бұл зерттеудің негізгі қорытындысы: үстел астын паналап жүргендердің қатты жер сілкінісінен аман қалуға мүмкіндігі жоқ.