ПОИСК

Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды 2024-10-05 17:44:48

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтті. Жиын барысында Федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды.

Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа қызметінде алғаш рет сөз алған президент ҚБФ алдындағы міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол өзіне сенім артқан Қауымдастық мүшелеріне алғыс білдіріп, ортақ мақсатқа жету жолында өзінің бар күшін салатынын айтты.

«Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ ролін ел ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын. Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен бір мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажетті барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз», — деді ҚБФ жаңа басшысы.

Қосымша ақпарат: Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы Казцик ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған. Кәсіпкер, «Integra Construction KZ» ЖШС иегері. Үйленген, 3 баласы бар.

Похожие материалы

Статьи

Рассчитанный по-новому рост цен на некоторые товары оказался выше в Казахстане
Алматинская компания купит 138 электромобилей для службы такси
Алматы ставит рекорд по количеству туристов
Акции Crescent Energy подскочили на новости о добавлении в S&P SmallCap
Возможность «торговой войны» с Россией прокомментировали в МСХ РК

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.