ПОИСК

Отбасы банк ұсынған «Отау» ипотекасы: есеп мысалдары және ерекшеліктері 2024-11-22 03:48:50

1 мамырда бастапқыда «9-20-25» деп аталған «Отау» бағдарламасы іске қосылады. Ол 7 жыл жұмыс істейді.

Оператор Отбасы банк болғандықтан, айрықша шарттары көп. Атап айтсақ, банктің стандарт ипотекаларына тән жүйе қолданылады, яғни біраз уақыт қарыз сомасының 100 %-ына несие төлеуге тура келеді.

Тағы бірнеше ерекшелігі бар. Олар:

1. Депозитінде 1 млн теңгеден көп ақшасы бар салымшылар ғана кредит алуға құқылы. Ал депозит ашқанына кем дегенде 18 ай болуға тиіс.

Қазір депозит ашсаңыз, 18 айдан кейін ғана өтінім бере аласыз.

2. Бұрын-соңды болмаған жаңа шарт — қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, балалары) атында соңғы бес жылда үй болмауға тиіс. Бұрын мұндай талап тек мемлекеттік бағдарламаларда кездесетін.

3. Астана мен Алматыдан пәтер алу үшін үміткердің сол қалада тұрақты тіркеуде болғаны маңызды.

Krisha.kz Отбасы банктен есеп сұрады. Мысал ретінде 10 млн, 18 млн, 30 млн тұратын кредит сомасын алдық.

Кредит сомасы

10 млн

18 млн

30 млн

Бастапқы жарна, 20 %

2 млн

3.6 млн

6 млн

Мөлшерлемесі

9 %

Алдын ала қарыз беру мерзімі

8 жыл

Алдын ала қарыз бойынша төлем

101 мың

182 мың

303 мың

Тұрғын үй қарызы

4 %

Тұрғын үй қарызының мерзімі

11 жыл

Төлем сомасы

35 мың

72 мың

126 мың

Артық төлем

6 306 000

12 510 000

21 800 000

Алдын ала қарыз деген не

Алдын ала қарыз депозитте үй бағасының 10–20 %-ы болғанда беріледі. Қарыз алушы кредит рәсімдесе де, депозитке ақша жинауын жалғастырады, оған қоса несие төлейді. Баспана құнының 50 %-ы жиналғанда ол тұрғын үй қарызына өтіп, пайызы төмендейді.

Отбасы банк өкілдері «Отау» ипотекасын алу үшін қажет ең төмен жалақы көлемін атай алмады.

Олар тек үміткер төлем қабілеті мен соңғы 6 айда зейнетақы шотына қаражат түскенін растауы қажет екенін атап өтті. Табысы жетпесе, қосымша қарыз алушы тартуға болады екен.

Отбасы мүшелерінің саны мен басқа шығындары (коммуналдық қызмет ақысы, басқа қарыздар) да есепке алынады.

Заң бойынша қарыз алушының табысы кредиттің ай сайынғы төлемінен екі есе көп болуға тиіс. Егер айына 30 мың төлеу қажет болса, айлық табыс 600 мың теңгеден кем болмауы керек.

Бұл ипотеканы «Баспана», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» және т.б. бойынша ақша жинап жатқан тұрғындар рәсімдей алады.

«Табысты», «Арнау» және «Сберегательный» тарифімен қаражат жинаушылар қалыс қалады. Олардың басқа тарифке ауысуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті «9-20-25» арқылы баспаналы бола алмайды.

Тарифтік бағдарламаны салымшы депозит ашқанда таңдайды.

Похожие материалы

Статьи

Извержение вулкана началось в Исландии
Прогноз Nvidia по выручке не оправдал самых амбициозных ожиданий 
В добрый путь, «Айналайын»!
Снижение процентов и "запрет" коллекторов: какие меры по снижению рисков кредитования приняты в Казахстане
"Грация кошки": Юля Михалкова появилась в эффектном платье с разрезами

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.