Алматыда электр бағаналарының жабдықтары ұрланып жатыр 2025-12-03 08:39:46
| Қаскүнемдер люктерді ұрлағанмен қоймай, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бұзады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыда электр бағаналарының жабдықтарын ұрлау жиілеп кетті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматыда көшедегі жарықтандыру бағаналарының люктері жаппай ұрланып жатыр.
"Алматы Қала Жарық" МКК былтыр күзден бастап шам бағанасындағы 2000-нан астам люкті ауыстырды. Люк – шам бағанының түбіндегі металл қақпақтар. Бұл жерде шамның сымдары магистральдық кабельге қосылады. Олар желілерді жөндеу, кабельді ауыстыру және басқа жұмыстар үшін қажет. Қаскүнемдер люктерді ұрлағанмен қоймай, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бұзады, соның кесірінен көшелерде тоқ болмай қалады", — дейді МКК басшысының орынбасары Вадим Макаров.
Бұл аздай, қаскүнемдер торшерлі тротуар шамдарын сындырып кетіп жүр. Осыған байланысты кей тіректерге "вандалға қарсы" шамдар орнатылады.
"Егер сіз ұрлықтың немесе бұзақылықтың куәсі болсаңыз, полицияға хабар беріңіз. Ал шам зақымдалса, диспетчерлік қызметке 8(727)3902040; 8(727)3902060, 8(771)718-24-39, 8 (771)718-24-56 хабарласыңыз", — деп жазды ведомство.
Похожие материалы
Прямой авиарейс Чэнду - Алматы запустят в декабре 2025-12-03 08:39:462025-12-03 08:39:46
03.12.2025 03:44
Когда Air Astana и FlyArystan возобновят полеты - заявление КГД 2025-12-03 08:39:462025-12-03 08:39:46
29.11.2025 04:57
