ПОИСК

Бизнес туралы заң мәжіліске қайтарылды: Сенаторлардың не нәрсеге көңілі толмады 2025-04-24 10:01:39

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы екінші оқылымда қаралды. Сенат заңның кей баптарына өзгеріс енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Заң кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру және бизнестің дамуына жағдай жасау үшін дайындалған болатын.

Сенат депутаттары заңға мынадай өзгерістер енгізді:

- Заңның жекелеген нормаларын реттеушілік саясаттың қағидаттары мен тәсілдеріне сәйкес келтіруді;

- облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салумен байланысты мақсаттар үшін мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру мүмкіндігін сақтауды;

- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын шекті сауда үстемеақысын қолдану тәртібін белгілеуді;

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетуді көздейді;

- пайдалы қатты қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу үшін кен орнын әзірлеудің техникалық жобасында белгіленген нормаланған ысыраптар туралы деректерді қолдануды;

- өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тетігін жетілдіруді;

- Бірыңғай төлемнің құрамдас бөліктерінің үлестерін қайта есептеуді көздейтін түзетулер енгізіледі.

Сенат түзетуі мәжілістің жақын арадағы отырысында қаралады.

Статьи

Увидели на сцене, чтобы задуматься в жизни
Казахстан и Хорватия нацелены на расширение сотрудничества
Сын экс-главы КМГ ушел из NCOC
Мосты на скрытые дефекты будут проверять за минуты в Казахстане
Инвестпроекты по развитию дорог рассмотрели в Правительстве РК

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.