Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылды 2024-11-24 13:13:55
Талғар ауданы әкімі өз міндетін тиісінше атқара алмағаны үшін қазметінен босатылды.
Бұл туралы аудан әкімдігінің сайты хабарлады.
" Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылды", — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат Есенкелдіұлы және оның орынбасары Бидаев Айбек Дүйсембекұлы "сөгіс" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сурет: Zakon.kz