ПОИСК

Семейдегі Түйемойнақ аралында этноауыл ашылады 2025-07-31 01:24:32

Этноауыл Абайдың 180 жылдық мерейтойының онкүндігі аясында ашылмақ.

Киіз үйлер электр жарығымен қамтылып, олардың әрқайсысында ұлттық тағамдар ұсынылатын мерекелік сауда алаңдары ұйымдастырылады. Бұған өңірдегі бірқатар кәсіпкерлік нысандары қатысады. Қонақтарға қазы-қарта, қуырдақ, қымыз, жент, бауырсақ және өзге де ұлттық тағамдар ұсынылады.

Этноауылдағы сахна ұлттық нақышта безендіріліп, мәдени-танымдық бағдарламаларға арналған алаң ретінде қызмет етеді. Кіреберіс аумаққа Абай тақырыбындағы мерейтойлық арка орнатылып, декоративтік элементтермен безендірілген.

Этноауыл аумағында 7 жартылай киіз үй де орналастырылып, олардың ішінде қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған көрмелер ұйымдастырылады. Мұнда ұлттық қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттар, тарихи фотосуреттер мен деректер қойылады. Сонымен қатар, этникалық әртүрлілік пен достықты дәріптеу мақсатында аралдағы "Татар үйі" аумағында татар және өзге де этнос өкілдерінің салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары таныстырылады. Осылайша Түйемойнақ аралындағы этноауыл демалушылар мен қала қонақтарына ұлттық рухты, мәдени мұраны және қонақжайлық дәстүрлерді дәріптейтін маңызды алаңға айналмақ.

"Семей қаласындағы Абайдың 180 жылдығы аясындағы шаралардың көпшілігі осы этноауыл аумағында өтеді. Мұнда түрлі спорттық ойындар және өзге де мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Қала қонақтарының көпшілігі осы аралдағы саябаққа келіп, демалады. Оларға қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Этноауыл мерейтой өткеннен кейін де елдің игілігіне жұмыс істей беретін болады" , – деді аймақ басшысы.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Похожие материалы

Статьи

100 миллионов тенге выманил мошенник у жителей Астаны
Стреляли в упор
В Казахстане меняют правила выдачи онлайн-кредитов
Опубликован "Чжэнчжоуский консенсус"
Таиланд и Камбоджа договорились о прекращении огня

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.