ПОИСК

«Жүрегімді айнытпаңдаршы»: Танымал сазгер үш байға тиіп, бақытты отбасы туралы пәлсапа соғатын Айнұр Тұрсынбаеваның масқарасын шығарды 2025-11-22 20:39:13

Танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлі қазіргі таңда психологтардың көбейіп кеткеніне шүйлікті.

Айтуынша, бүгінде үш байға тиіп, отбасы құндылықтары туралы сайрайтындай көбейген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазір психологтар шықты, өзі үш байға шығады. Бірақ отбасылық құндылықтар туралы айтады. Күйеуіңнің киімін жума, тамақ істеп берме. Ол өзі істеу керек. Сен өзіңді күт, мен тұлғасың деп. Соған ақша төлеп барады екен, кейінгі кезде. Зейнет Ахметовалар ұлттық құндылықтар туралы әңгіме айтып отырса, мен түсінер едім. Немесе Аягүл Миразова, сондай адамдар ұлт төңірегінде әңгіме айтып отырса түсінер едім. Мыналардың өзі жұрт білетін үш байы бар, құдай тілімді жазықты қылмасын. Сөйтіп тұрып, отбасы құндылықтары туралы әңгіме айтады. Айналайын-ау деймін, жүрегімді айнытпаңдаршы деймін. Жүрегім айнып кетеді, сондайдан. Сондай психологтардың өзінің психикасын тексеру керек, кәдімгі жүйкесі ауыратын адамдарды тексеретін адамдарға апару керек», — деді ол.

Көпшілік сазгердің бұл пікіріне жаппай қолдау көрсеткен. Олар:

«Дұрыс айтасыз, тура бетке айтады осы кісі», «Айнұр Тұрсынбаева туралы айтып отыр ғой, жалғыз ол емес, ондайлар көп қазір», «Тұрсынбаева туралы айтып отыр ма? Түсінбедім», «Тұрсынбаева ғой сол, соны меңзеп отыр бұл кісі деп жазды олар.

Статьи

Рекорд НХЛ по голам в пустые ворота обновил Александр Овечкин
Токаев выразил благодарность лидеру Азербайджана за решение снять санкции и создание условий для прямой торговли Казахстана и Армении
Китайский человекоподобный робот попал в книгу рекордов Гиннесса
Жители микрорайона Нур Алатау требуют остановить прокладку канализации ЖК
В Казахстане выявили подмену запчастей на миллионы тенге в компании с участием «Самрук-Қазына»

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.