ПОИСК

1 қаңтардан бастап балаларға төленетін төлем: 2024 жылы қанша ақша бөлінеді? 2024-11-24 18:54:40

Ұлттық банк Ұлттық қордың 2023 жылға арналған инвестициялық кірісінің көлемін жариялады, оның жартысы қазақстандық балаларға аударылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Ұлттық қордың 2023 жылдың 11 айындағы инвестициялық кірісі алдын ала мәліметтер бойынша 7,92 пайыз немесе шамамен 4,4 миллиард доллар болғанын хабарлады.

rog.asus.com

РЕКЛАМА

Ноутбук победителя — ASUS
ROG STRIX

Узнать больше

Ұлттық қордың активтерін басқару процесі ұзақ мерзімді инвестициялау қағидаты бойынша құрылғаны атап өтілген. Сондықтан, Ұлттық қор кірістеріндегі қысқа мерзімді құбылмалылықты сіңіру және балалардың шоттарына тұрақты жыл сайынғы төлемдерді қамтамасыз ету мақсатында есептеулерде 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісті пайдалану туралы шешім қабылданды.

"2005-2022 жылдар аралығындағы табыс жылдық мәнде 2,6 пайыз немесе 1,4 миллиард доллар болды. Сәйкесінше, 2024 жылы "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толғандарды қоса алғанда, барлық алушыларға шамамен 695,5 миллион доллар бөлінеді", — деп хабарлады Ұлттық банк.

Төлемдерге сомаларды есептеу үшін жылжымалы негізде есептелетін Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы орташа жылдық табыстылығы пайдаланылатыны, балалардың арнайы жинақтау шоттарына есептелетін инвестициялық табыстың жыл сайынғы сомасы Ұлттық қордың табыстылығына байланысты өзгеріп отыратыны түсіндіріледі.

"Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі, төленетін соманы есептеу әдістемесі және алушылардың саны Үкімет 2024 жылдың қаңтарында бекітетін ережелерге сәйкес айқындалады", — деп қорытындылады Ұлттық банк.

Бұған дейін Қаржы министрлігі Ұлттық қордан қаражат 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап балаларға төлене бастайтынын хабарлаған болатын.

Статьи

"Номад" продлил серию поражений в Pro Hokei Ligasy до пяти матчей
Сельскохозяйственные ведомства Казахстана и России стремятся к упрощению торговли агропродукцией
В связях с ОПГ подозревается экс-спикер парламента Кыргызстана
Народный репортер. На одной стороне аллеи не горят фонари
Извержение вулкана началось в Исландии

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.