ҰҚК бір айда үш ірі есірткі зертханасын жойды 2025-08-05 14:37:59

Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Ағымдағы жылдың шілдесінде Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен өзара әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойды.
Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.
"Қара" нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Похожие материалы

Обучающие игрушки для детей с особыми потребностями создают школьники Астаны 2025-08-05 14:37:592025-08-05 14:37:59
01.08.2025 11:48
Молодой слесарь поделился историей профессиональной реализации в Астане 2025-08-05 14:37:592025-08-05 14:37:59
31.07.2025 03:46