ПОИСК

«Жігіт жақ қызды неге киіндіреді?»: Құдаларына аста-төк киіт апарған Айдарбекова тағы да сынның астында қалды 2025-06-17 17:17:46

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғарды екінші мәрте үйлендіріп, кенже келінін ұзатып әкелді. Жұлдызды отбасының қуанышында тағы да шу шықты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Қуанышты жаңалығымен Гүлзира Айдарбекованың өзі бөліскен болатын. Ол:

"Құдай қосып құда болдық! Жүрегім лүпілдеп ең кішкентай жүрегіміз Заңғарымның өмірлік жары Индира келініме сырға салып, құда-жекжат болып жатырмыз. Балаларымыз бақытты, үбірлі-шүбірлі болсын. Барлық айтылған ізгі бата-тілектер Алланың құлағына шалынсын!

Баршаңызға той жұғысты болсын! Сіздер де ізгі бата-тілектеріңізді, құттықтауларыңызды жазып кетіңіздер", — деп жазды ол.

Желі қолданушылары продюсерді тағы сынның астында қалдырды. Бұл жолы көпшілікке Айдарбекованың құдаларына аста-төк киіт бергені ұнамай қалған.

"Неге жігіт жақ қызға киім апарады соны түсіне алмай отырмын. Қыз жақ апару керек емес па киімді?", "Көңіліңіз толмай тұрған сияқты", "Бұл Заңғар деген жылына екі рет үйленетін болды ғой", "Байлар ғой, неше рет үйлендірсе де баласын бола береді" деп жазды олар.

Статьи

Пассажир рассказал о странном досмотре в аэропорту Астаны
Хиропрактик с помощью пыточной машины выпрямляет осанку: видео взорвало соцсети
Астанчане возмутились появлением тук-туков на тротуарах
Академия Нацгвардии отметила юбилейный выпуск офицеров в Петропавловске
Опасный тренд TikTok "Yes You Can" может быть замаскированным грумингом – что важно знать родителям

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.