Жәнібек Әлімханұлы құрметті боксшылар тізіміне енді 2025-04-22 12:56:06
CFSportsClub 2024 жылы спорттағы жолын қадағалап, үміт артуға болатын үздік 5 боксшының аты-жөнін жариялады. |
Бокс туралы жаңалық тарататын CFSportsClub Х (Twitter) аккаунты жаңа жылда назар аударатын боксшылар тізімін жариялады. Бұл туралы Sports.kz жазады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
CFSportsClub нұсқасы бойынша, 2024 жылы спорттағы жолын қадағалап, үміт артуға болатын үздік 5 боксшы: қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) және АҚШ-тың төрт өкілі: Дэвид Бенавидес (28-0, 24 КО), Джерон Эннис (31-0, 28 КО), Флойд Скофилд (16-0, 12 КО) және Брюс Кэррингтон (10-0, 6 КО).
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.