ПОИСК

Абай облысында алаяқтар зейнеткерлерден 24 миллион теңге жымқырған 2024-11-21 19:05:33

Абай облысында 2023 жылдың қазан айының ортасынан бастап алаяқтық схема бойынша азаматтардың өтініштері түсе бастады.

Ақпараттық кеңістіктің дамуымен бірге жыл сайын алаяқтар көбейіп келеді. Пайда табу үшін олар қарттар сияқты ең осал санаттағы адамдарды іздейді.

"Зейнеткерлердің айтуынша, оларға белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызы немесе ұлы жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлады. Жалған полицей ақша талап еткен, кейбір жағдайларда жәбірленушілердің кінәлі туысын босату үшін сома 7 миллион теңгені құраған", — делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қоңырау шалушы телефонды туысына берген кезде зейнеткерлердің күмәні толығымен таусылған. Қыз немесе жігіт қорқып, дірілдеген дауыспен қарт адамнан көмек сұраған. Тұрғындар алаяқтарға сеніп, ақшаны курьерлерге берген.

Іздеу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушілердің үйіне қолма-қол ақша алу үшін келген жігітті анақтап, ұстады. Ол Семей қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында жас жігіттен 1.500.000 теңге сомасында ақшалай қаражат, ұялы телефон, ақшалай қаражатты аудару туралы түбіртек, "Telegram" мессенджері бойынша хат алмасу тәркіленді, деп қосты баспасөз қызметінде.

Полицияға жеткізілген жас жігіт мобильді мессенджер арқылы алған нұсқауларына сәйкес әрекет еткенін айтты. Оның міндеті — көрсеткен мекен-жайлар бойынша ақша алу және оны белгілі бір банктік шоттарға аудару. Бұл үшін ол 50-ден 100 мың теңгеге дейін алған. Қазіргі уақытта полиция қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтауда.


"Алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, Сіздің туысқаныңыздың қиындыққа тап болғанын, ал мәселені белгілі бір мөлшерде шешуге болады деп хабарлауы мүмкін. Мұндай жағдайда полицияға 102 нөміріне қоңырау шалып, ақпаратты тексеру керек. Егер Сізге белгісіз нөмірден қоңырау шалып, қандай да бір әрекет жасамас бұрын туысыңыздың қиындыққа тап болғаны туралы хабарланған болса, телефонды қойып, сол туысқаныңызбен байланысуға тырысыңыз. Содан кейін полицияға қоңырау шалып, осы жағдай туралы айтыңыз. Алаяқтарға ақша мен карталардың құпия сөздерін бермеңіз", — деп полиция қызметкерлері тұрғындарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін ескертеді.

Сурет: ашық дереккөздерден

Похожие материалы

Статьи

Извержение вулкана началось в Исландии
Прогноз Nvidia по выручке не оправдал самых амбициозных ожиданий 
В добрый путь, «Айналайын»!
Снижение процентов и "запрет" коллекторов: какие меры по снижению рисков кредитования приняты в Казахстане
"Грация кошки": Юля Михалкова появилась в эффектном платье с разрезами

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.