“Қатқан боқты жібітпей, менен аулақ жүр”: Ырысбала Икрамбай өзін сөз еткен блогер Sajol-ға жауап берді 2024-11-25 02:42:05
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай мұқтаж жандарға үй алып бермек болып Sajol лақап атымен танылған блогер Сымбат Қасымовамен біріккен. Даудың бәрі осы кезден басталған. |
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Taboo”бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сымбат халықтан жиналған 800 мың теңгені Ырысбалаға беруге асықпаған көрінеді.
“Танымал блогерлердің ішінен Ырысбаламен өте қатты конфликт болды. Бірақ ол кісіге жауап қайтарып, салғыласып, ұрысқан кезім болған емес. Мұқтаж жанға баспана алып бермек болып, халықтан ақша жинаймыз. Күйеуім Бақтияр да қолдап, екеуіміз бастап кетеміз. Сол кезде менің өгей әкем қайтыс болды, бірақ үй алып береміз деген шын ниетіміз бар болатын. Одан кейін астаналық блогер достарымыз үйленетін болып, соның тойына кетіп қалдық. Сол кезде Ырысбала жаза берді. “Алматыға жеткесін ақшаны қолыңызға беремін, әлі жиналып жатыр” деп түсіндірдім. “Жауапкершілік жоқ, халықтың ақшасын салып алып” деп ұрысты. Мойындаймын, тойға кетіп қалдым, уақыт созып, жүріп те алған шығармын. Бірақ халықтың ақшасын қалтасына басып алатын адам емеспін. Үйге келсек, Бақтиярдың туысқандары бәрі үйде отыр. Мен түсінбей қалдым, сол кезде өгей әкемнің өлімін естіртті. Аяқ астынан ауылға кеттім. Тағы да Ырысбаламен байланыс үзіліп қалды. Ол Инстаграм арқылы бүкіл аудиториясына мені жамандады. Үй алып беретін әйел де маған неше түрлі сөз жазды. Одан кейін 800 мыңды табыстап, бұдан кейін қайырымдылықпен айналыспаймын деп шештім. Өзім белгілі қорларға ғана ақша аудармасам, халықтан ақша жинамаймын. Маған үлкен сабақ болды және әр ісіме жауапкершілігім артты”, – дейді блогер осыдан екі жыл бұрынғы жанжалды еске алып.
Ырысбаланың айтуынша, баспанаға мұқтаж әйел блогерге өтініш айтып, “Сымбат ақшаны бермей жатыр” дегесін араласқан көрінеді.
“Ешкіммен ұрыспай өз жолыңмен жұмысыңды істеп, тыныш отырсаң, өздері осылай бықсытады. Сымбат, қатқан боқты жібітпей, менен аулақ жүр. Мына жерде қанша жиналды деп әңгіме айтқан мен емес, баспанаға мұқтаж ана. Әңгіменің ашығы, бір отбасыға сбор аштың, сол халықтың жинаған ақшасын бермей айлап жүріп алдың. “Ананың тойы”, “мынау өлді” деп. Мұқтаж ана маған өтініш айтқасын саған шықтым. Оған халық куә”, – деп жауап берді.
Еске салайық, Ырысбаланың атын жамылып, ақшалай ойын ұйымдастырған мектеп оқушысын тауып, жазалағанын жазған болатынбыз.