ПОИСК

8 айда ел экономикасы 4,9 пайыз өсті 2025-07-07 02:07:32

Биыл 8 айда ел экономикасы 4,9 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Биыл қантар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9 пайызды құрады. Оның ішінде нақты сектор – 4,4, ал қызмет көрсету саласы 4,8 пайызға өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсімді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,2 пайызды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49, білім беруде – 31,9, саудада – 30,1, ауыл шаруашылығында – 20,7, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 5,7 пайызға артты», — деді ол.

Вице-министр дерегінше, өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы саудада тауар айналымы 5,7 пайызға өсіп, 79,5 млрд долларды құрады. Экспорт 44,8 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 34,7 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 10 млрд долларға тең», — деді Азамат Әмрин.

Статьи

Народный репортёр. Начали делать площадку и забросили
Казахстан предложил Бразилии сотрудничество в атомной энергетике
Группа Oasis провела первый концерт после 16-летнего перерыва
В сети опубликовали видео, как выглядят вагоны ЛРТ изнутри
Отстрел сайгаков начался на западе Казахстана

Contact

Email : abikenovazamat256@gmail.com

Среди множества новостных источников, которые шумят и мелькают, словно городская суета, Dala Info – Степные новости выступает как свежий ветер, проникающий из бескрайних степей. Этот новостной сайт не только приносит актуальные события, но и вносит в наш информационный мир долю свободы и природной простоты.